Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифинг барысында аталмыш ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталмыш шараға қатысатын қазақстандық делегацияны ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова басқарады. Келіссөздердің негізгі мазмұны екі мемлекет арасындағы саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылау болып отыр», деді А. Әбдірахманов.