деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен.
Келіссөз барысында Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың перспективалары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша энергетика және су-энергетика саласындағы, техникалық реттеу, мұнай-газ және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы, сондай-ақ шекара және миграциялық өзара іс-қимылдар туралы үкіметаралық қазақстан-қырғыз келіссөздерінің хаттамасына қол қойылды.
Тараптар сонымен бірге қазақстан-қырғыз үкіметаралық кеңесінің екінші отырысын өткізу туралы келісті.