Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Хаттаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкілдері өз функцияларын орындауға жауапты болатын мемлекеттік шекара учаскелерінің аумақтық шектерін айқындау. Осы орайда, 2019 жылғы 20 мамырда Бішкекте жасалған екі мемлекет арасындағы хаттаманы қолданысқа, заңдық күшіне енгізу ескерілген.Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі мынадай учаскелерді айқындады:
Қазақстан Республикасының жағынан – Алматы, Қордай және Тараз учаскелері, ал Қырғыз Республикасының жағынан – Ыстықкөл, Шу және Талас учаскелері.
Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев атап өткендей, заңды ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстан Республикаларының мемлекеттік шекарасында тұрақтылық пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуді, өзара келісім мен сенімділікті арттыруды көздейді.