«Қолданыстағы келісімдегі өткізу пункттері нақты шекарадан жиырма үш шақырым жерде орналасқан. Онда «Мерке теміржолдық» өткізу пункті орнатылған. Осыған байланысты оны «Шалдабар теміржолдық» өткізу пунктіне ауыстыру көзделеді. Мемлекеттік шекараға өткізу пункттерінің тікелей жақын орналасуы шекарылық бақылауды жүзеге асырудағы мемлекеттік шекарадан өту сызбасын оңайлатып, қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді», - деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.
Түйіндей айтқанда, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункттері Мерке станциясынан Шалдабар станциясына көшірілетін болады.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.