09:59, 02 Сәуір 2009
Қазақстан мен Қырғызстанның экономикалық блок министрліктері Бішкекте халықаралық агробизнес-форумын өткізеді
БІШКЕК. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қазақстанның Индустрия және сауда министрлігі Қырғызстанның Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесе отырып, сәуірдің 10-ында Бішкекте халықаралық агробизнес-форум ұйымдастырғалы отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Азық-түлік және ауыл шаруашылығы тауарларының аймақтық сауда-саттығын кеңейтуді мақсат еткен бұл форум жұмысына Беларус, Болгария, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің компаниялары қатысады деп күтілуде. Форум аясында аймақта шығарылатын ауыл шаруашылығы техникалары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі өтеді. Сондай-ақ қатысушы елдердің арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланатын халықаралық конференция өткізу жоспарланып отыр.