«2015 жылы екі ел жалпы сомасы 24 млрд долларды құрайтын 52 ірі жоба туралы өз деңгейлеріндегі келісім мен келісімшарттарға қол қойды. Өзге салалардағы жобаларды қоса алғанда, ынтымақтастық туралы келісім мен келісімшарттардың жалпы сомасы 50 млрд долларды құрады. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың тарихында осындай əлеуетті экономикалық ынтымақтастық болмаған», - деп атап өтті Елші.
Жаһандық экономикалық дағдарыстың салқыны екі елге де сезілгенін атай келе Чжан Ханьхуэй Қазақстанның Үкіметі дағдарысқа қарсы тиімді шараларды қолға алып отырғанын атап өтті.
«Қазақстан Үкіметі қолға алып отырған шаралар өте тиімді. Сондықтан, қазақ халқы бұл қиындықтардан да өтіп, экономикалық дамудың жаңа сатысына шығады деген сенімдемін. Қазірдің өзінде Қазақстанның күш-қуатын байқап отырмын»,-дейді елші.