Қазақстан мен Қытай елімізде қазіргі заманға сай көмірхимия өнеркәсібін дамытуға келісті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның қатысуымен болған Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы барысында Қазақстан Республикасында көмірді кешенді қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру туралы келісім бекітілді.

«ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ мен China Kingho Energy Group, «Арбат БК» ЖШС және «Разрез «Кузнецкий» ЖШС арасындағы аталған келісім Қазақстанда қазіргі заманға сай көмірхимия өнеркәсібін дамытуды көздейді. Сонымен қатар дизель отыны, синтетикалық табиғи газ бен мұнай-химия саласының өзге де өнімдерін шығаратын кәсіпорын құру қарастырылған.

Келісім шарттарына сәйкес тараптар жоғарыда аталған өндіріске инвестиция құйып, оны жоспарлап, құрлысын жүргізіп, іске қосатын компания құруға мүдделі.

Соңғы жаңалықтар