Бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров пен ҚХР Реформалар және даму жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичженің төрағалығымен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 18-ші отырысы өтті.
Онлайн-отырыста инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Олардың табысты жүзеге асуына көмек көрсету және туындаған мәселелерді шешу жөнінде пікір алмасылды.
«Жүк тасымалы мен шекарадан өтуге байланысты мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ жобаларды аяқтау үшін қажетті жабдықтарды уақтылы жеткізу бойынша нақты шаралар келісілді.
Тараптар түрлі салаларда жалпы сомасы 576 млн АҚШ доллары болатын 7 бірлескен инвестициялық жобаны аяқтау жөніндегі жоспарларды растады. Осы жобалар іске қосылғаннан кейін 647 жұмыс орнын құру көзделген.
Қатысушылар COVID-19 жаһандық пандемиясымен күрес аясында гуманитарлық көмек көрсеткені үшін өзара алғыстарын білдірді. Екі ел аумағында эпидемия деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың тиімділігі атап өтілді», - делінген ақпаратта.