«COFCO компаниясы қызанақ томаты өндірісі және оны қайта өңдеу саласында өте танымал. Бұл компания қызанақ және қызынақ пастасын өңдеу саласында кемінде үш зауыт салуды болжап отыр. Ал «Rifa» болса жеке инвестор, жоба біраз уақыттан бері талқылану үстінде. Алғашқы кездесу өткен жылдың мамыр айында өткен болатын. Ол кезде ет өніміне қатысты жоба талқыланған болатын. Өнімдерін Қытай мен Араб елдеріне экспортқа шығаруды жоспарлауда», - деді келісімшарттарға қол қою рәсімінде еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
Қол қою рәсімінен кейін БАҚ өкілдеріне түсінік берген Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаеваның айтуынша, бүгінде екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласына қатысты 19 жоба жүзеге асырылу үстінде.
«Инвестицияның жалпы көлемі 1 млрд. 735 млн. долларды құрайды. Айта кетерлігі, бұл жобалардың он екісі Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында орналасқан. Өйткені, бұл өңірлер логикалық тұрғыда барынша оңтайлы орналасқан», - деді ол.