Қазақстан мен Қытай ортақ су торабын салатын болады - Парламент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Аталған келісім 2010 жылғы 13 қарашада жасалған. Келiсiмнiң шарттарына сәйкес, тараптар Қорғас шекара пунктiнен 24,5 шақырым қашықтағы Қорғас өзенiнде «Достық» бiрлескен ортақ су торабын салуды жүзеге асырады. Бiрлескен су торабы оны тең үлеспен иеленетiн тараптар мемлекеттерiнiң меншiгi болып табылады. Құрылысты қаржыландыруды тараптар бiрлескен су торабы жалпы құнының 50 пайызынан бөлiсiп, ынтымақтастықта жүзеге асырады.

Бiрлескен су торабын басқару және пайдалану мәселелерi тараптар арасында жасалатын жеке халықаралық шартпен реттелетiні көзделген.