Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

None
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекарасында, Кетпен шатқалында жер сілкінісі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сейсмология институтының мәліметтеріне сілтеме жасап. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, оқиға салдарынан адам құрбандықтары болмаған және ешқандай қираулар тіркелмеген. Жер сілкінісі кеше, қаңтардың 25-і күні таңертең орын алған. Оның кіндігі Алматының шығысына қарай 312 шақырымдай қашықтықта болған. Алматыда 2 балл, Нарынқолда 4 балл шамасында жерасты дүмпулері сезілген.