АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ пен Қытайдың Бас Ядролық-энергетикалық корпорациясы арасындағы ядролық энергетика саласындағы өзара тиімді әріптестікті тереңдетіп, кеңіту туралы келісімге қол қойылды. Құжат бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде рәсімделді.
Құжат Қазақстан аумағында Қытай мен өзге де елдердің атом электр стансаларына арналған жылу бөлетін өнім - ядролық отын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру және елдегі уран қорларын игеруді қамтиды.
Келісімге «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров пен Қытайдың Бас Ядролық-энергетикалық корпорациясының бас директоры Чжан Шанминь қол қойды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.