Астана мен Вьентьян бауырлас қалалар атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Лаос мемлекет басшыларының қатысуымен екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған төрт үкіметаралық құжатқа қол қойылды.

Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

4. Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгенін хабарлаған едік.