«Біз Батыс пен Шығыс арасындағы жаһандық дамуға үлкен үлес қоса аламыз. Мен бұл тұрғыда біздің темір жол байланыстарымызды айтып отырмын. Бүгіндері жүктер Қазақстаннан біздің Клайпеда портына жетуі үшін бір айға жуық уақыт кетеді. Алайда, меніңше, біз бұл уақытты қызсқарта аламыз»,-деді Президент.
Осы орайда ол Шығыстан Батысқа немесе керісінше бағытта жүктер 10 күннен аз мерзімде жету үшін барлық жағдай жасауға уағдаласқанын жеткізді.
«Біз «Сәуле» деп атап отырған осы жобаны іске қоссақ, болашақта Қазақстан мен Литва үшін ғана емес, сонымен қатар батысты, Қытайды, Американы қосатын маңызды жоба болады. Яғни, оның болашағы жаһандық»,-деді Президент.
Литва басшысының сөзіне қарағанда, «Сәуле» сөзінің мағынасы Литва тілінде де қазақ тіліндегідей естілетін көрінеді. «Сәуле» біздіңше күннің көзі, жарық мағынасында. Қазақша да бұл сөз осы мағынада. Екі елдің халықтарының тілінде бұл жобаның аты ұқсас болуы символдық мәнге ие деп санаймын»,-деді Д. Грибаускайте.