«Заң шығарушы билік өкілдерінің деңгейінде екі елдің мазмұнды өзара іс-қимылын атап өткім келеді. Еліміздің Парламенті мен Сеймде достық топтары жұмыс істейді. Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ логистикалық жолдарды әртараптандыруға, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) және Клайпеда портын пайдалану мәселелеріне көп көңіл бөлінді», - деді ҚР Сыртқы істер министрі.
Оның айтуына қарағанда, Литва Қазақстанның Еуроодақ елдеріндегі ең ірі сауда серіктестерінің ондығына және әлемдегі ең ірі жиырма серіктестің қатарына кіреді.
«Сонымен қатар, Қазақстан дәстүрлі түрде Литваның жиырма ірі сауда серіктестерінің қатарына кіреді», - деді вице-премьер.