Аталған заң жобасының ресми атауы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған ҚР Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ҚР Үкiметi мен Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы».
Құжаттың мақсаты екi ел арасындағы инвестициялар үшiн қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Конвенцияда уағдаласушы мемлекеттердiң бiрiнiң резиденттерi болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың табысы мен капиталына қосарланған салық салуды жою көзделедi.
Бұдан бөлек, құжатта табыстың пайда болу мемлекетiнде төмендетiлген мөлшерлемелер бойынша дивиденттерге, пайыздарға және роялтиге салық салынуы мүмкiн ережелер көзделген.
Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, конвенцияның маңызы зор. «Люксембург шағын мемлекет болғанымен, онда iрi халықаралық компаниялардың бас кеңселерi орналасқан. Осындай конвенция арқылы сол елден инвестициялардың келуiн ынталандыра аламыз», - дедi Болат Жәмiшев.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.