«Келісім қолданыстағы ұлттық паспорттары бар екі тараптың азаматтарына 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде визасыз бір-бірінің аумағына кедергісіз кіруге, шығуға, транзитпен жүруге және болуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.
Алайда, визасыз режим еңбек қызметіне, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайтынын есте ұстаған жөн.
Егер Макао аумағында 14 күннен артық жүруді жоспарласаңыз, тиісті кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет.
Бұл келісім туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамыту үшін жаңа көкжиектер ашады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай Еуроодақтың төрт еліне визасыз режим енгізгенін хабарлаған болатынбыз.