Қазақстан мен Марокко арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды - СІМ
Тараптар екі мемлекет арасындағы, сондай-ақ аймақтық жәнехалықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытужолдарын талқылауға мүмкіндік беретін достық және тұрақты қатынастардың сипатынатап өтті.
«БізМарокконы араб әлеміндегі және Солтүстік Африка аймағындағы жетекшімемлекеттердің бірі деп қарастырамыз және Корольдікпен қатынастарды жан-жақтыдамытуға мүдделіміз», - деді СІМ басшысы.
Қазақстанмен Марокко арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуы атап өтілді.Екі мемлекет Ислам ынтымақтастығы ұйымының белсенді қатысушылары болыптабылады. Қазақстандық тарап Мароккоға түрлі халықаралық алаңдарда ұсынылған ҚРбастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдірді.
Мароккалықдипломат Қазақстан-Марокко қарым-қатынастарына деген сенімділік деңгейінрастап, Марокко елі Қазақстанды Орталық Азия аймағында достас ел ретінде жоғарыбағалайтынын сендірді.
МарокконыңЕлшісі Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Нассер Буританыңатынан Қазақстан СІМ басшысына Корольдікке сапармен келіп қайту шақыруынжеткізді. Аталған сапар Нұр-Сұлтан мен Рабат арасындағы жан-жақты қатынастардыодан әрі дамытуға айтарлықтай серпін береді, деп атап өтті Елші.
КездесудеМароккомен сауда-экономикалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытумәселелері талқыланды. Екі тараптың да тау-кен металлургия өнеркәсібінің ұқсассалалары бар - фосфор және қорғасын кендері, түсті және сирек металдар. Ғылымижәне инженерлік әлеуеттің ашылмаған мүмкіндіктері бар.
Ауылшаруашылығы - екіжақты күн тәртібіндегі маңызды тақырып. Қазақстан астықтыңжәне басқа да ауылшаруашылық өнімдерінің ірі өндірушісі бірі болып табылады.
Тағы бірталқыланған мәселенің бірі Қазақстан мен Марокко арасындағы туристікынтымақтастықты дамыту. Белгілі болғандай, Марокко Солтүстік Африка аймағыбойынша туризм саласында көшбасшы болып табылады және жыл сайын аталған елге 11миллионнан астамтурист келеді, олардың ішінде мыңдаған қазақстандықтар да бар.
Соныменқатар, орын алған кездесуде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріталқыланды.