«Біздің елдер астаналары арасындағы «Будапешт-Нұр-Сұлтан» тікелей әуе байланысы биылғы маусым айында қайтадан жанданатын болады. Сонымен қатар, «Будапешт-Нұр-Сұлтан-Бейжің» әуе байланысы қосылады», - деді П. Сийарто.
Оның айтуынша, коронавирус жағдайында вакциналау өте маңызды болып отыр.
Мажарстан министрі вакцинаның бірінші компонентін алғанын, таяу арада екінші компонентін алуға баратынын айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі келессіөздерден кейін тараптар екі ел арасындағы бірнеше құжатқа қол қойды.
Айта кетейік, Орталық Азия өңірінде мажар компанияларының мүмкіндіктері кеңейтілмек.