Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективалары талқыланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мажарстанның экономика министрі Михай Варгамен кездесті.

Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, мұнай-газ және ауыл шаруашылығы, фармацевтика, көлік, құрылыс, атом және автокөлік өнеркәсібі, туризм, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту перспективалары талқыланды.