Қазақстан мен Молдова президенттері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте   Молдова Республикасының Президенті Игор Додонмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Молдова Президенті И.Додонмен кездесті.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу кезінде Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.

Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттары ретінде атап өтілді.

Кездесуге Молдова жағы бастамашы болды.