Аталған мәліметке сүйенсек, бірлескен оқу-жаттығу жиыны наурыздың 18-і басталған. Оған елімізден біліктілігін шыңдауға 19 дзюдошы қызымыз қатысқан. Осыдан бір күн бұрын Моңғолия дзюдо федерациясы қазақ қыздарын наурыз мерекелерімен құттықтап, салтанатты түрде дастархан жайды. Моңғолия тарапынан көрсетілген мұндай ерекше ықыласқа қыздарымыз өз ризашылығын білдіріп, құраманы бастап барған Энхбаатар Дашжамц пен Марат Данайбаевқа алғысын айтты.
- Ел ішінен бөлек, халықаралық дәрежедегі оқу-жаттығу жиындары спортшылардың біліктілігін арттырып, шетелдік спортшылармен тәжірибе алмасады. Бұл оларды физикалық және тактикалық тұрғыда мықтылай түседі, - дейді қыздардан Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкері Марат Данайбаев.
Сондай-ақ, Гүлжан Исанова: «халықаралық дәрежедегі оқу-жаттығу жиындарына қазақстандық спортшылардың қатыстырылуы федерация тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың жемісі. Шетел спортшыларымен тәжірибе алмассақ, үлкен турнирларда көмегін тигізбей қоймайды», - дейді федерация басшылығына алғысын білдіріп.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық құрама осы оқу-жаттығу жиынынан кейін Тбилисиде өтетін Гран При турниріне қатысады.