Қазақстан мен Нидерланды арасында екіжақты келісімдер жасалды
Атап айтқанда, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Нидерланды Сыртқы істер минстрі Франс Тиммерманс ҚР СІМ мен Нидерланды СІМ арасындағы саяси консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Аталған меморандумға қол қою екіжақты қарым-қатынастардағы саяси әрі басқа да аспектлерді нығайтуға, өзара мүдделілік танытылатын өңірлік және халықаралық оқиғаларда пікір алмасуға, сонымен бірге екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға негіз қалыпастырады. ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сабыр Есімбеков пен Нидерландының Өнеркәсіп иелері мен жұмыс берушілер конфередерациясының президенті Бернард Вьенчес қазақстандық-нидерландылық іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойды. Бұл құжатқа қол қойылу Қазақстан мен Нидерланды кәсіпкерлері арасындағы іскерлік қатынастың орнауына сеп болатыны, сондай-ақ ортақ жобалардың жүзеге асуы мен өзара инвестицияны қорғауға мүмкіндік беретіні анық.