Бұл 2018 жылы 25 маусымда Ослода өткен екі елдің сыртқы саяси ведомстволар арасындағы Қазақстан-Норвегия консультациясының лейтмотиві болып табылады.
Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Роман Василенко, норвегиялық делегацияны Корольдіктің Сырты істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Аудюн Халворсен басқарды.
Тараптар жиырма бес жылдың көлемінде орнатылған екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың арқасында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кең ауқымда талқылап, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды қолдайтындарын мәлімдеді.
Ослодағылар саяси тұрғыдан Қазақстан Республикасы Норвегияның маңызды ынтымақтасы деп санайды. Ядролық қарусыздану және қаруды таратпау, аймақтық қауіпсіздік және заңсыз көші-қон мәселелері, сондай-ақ экономикалық дипломатияның қарқынды дамуы сияқты мәселелер екі тарап үшін де маңызды боп саналады.
Өз кезегінде, еліміз Норвегияның Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдауға қосқан үлесін жоғары бағалайды: МАГАТЭ-нің Қазақстанда ашқан аз байытылған уран банкіне (ТБУБ) Норвегия Корольдігі донор болды. БҰҰ шеңберінде ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу бойынша Жалпыға ортақ декларация жобасын дамытуды Норвегия толықтай қолдады.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақтанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі, Сириядағы ахуалды реттеудегі Астана процесі, БҰҰ мен ЕҚЫҰ аясындағы екі елдің ынтымақтастығының болашағы туралы өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.
Дипломаттар Қазақстанның және Норвегияның бірқатар халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша позицияларының сәйкестігін атап өтті. Жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша көпжақты форматтағы диалог орнатылды. Яғни, бұл БҰҰ-ның бірқатар органдарына сайлануда өзара қолдауға қол жеткізген уағдаластықтың дәлелі болып табылады.
Норвегияның сыртқы саяси ведомствосы еліміздегі саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық өлшемдердің аймақтық дамытуын ерекше атап өтіп, Қазақстанның сыртқы саясатының бірізділігін байқады.
Экономикалық дипломатия аясында сыртқы саяси ведомстволарының өзара іс-қимылын жандандыру туралы айта отырып, Р.Василенко Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрлігін Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға міндетті деп мәлімдеді.
Осыған байланысты еліміздің дипломаты «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, халықаралық «жасыл» технология орталығы және «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобалары мен IT-стартаптар технопаркі жобаларын жүзеге асыру мақсатында норвегиялық тарапты ынтымақтасуға шақырды.
Екіжақты қатынастағы берілген саланы дамыту, соның ішінде энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту, жасыл экономиканы, ауыл шаруашылығы, аквакультура мен балық шаруашылығын дамыту, жалпы айтқанда екіжақты сауданың өсуі екіжақтың орташа және ұзақ мерзімде дамудың негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Екі елдің мүдделі ведомство өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастыру бәрінен маңызды.
Транзиттік және көлік саласы туралы сөз қозғап, тараптар Еуразияның транзиттік және көліктік әлеуетін дамыту шеңберін, соның ішінде «Белбеу және жол» бастамасын іске асыру аясындағы ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндігін қарастырды.
Азаматтық қоғам саласындағы байланыстарды атап өтіп, дипломаттар 2017 жылдың күзінде Ослода өткен халықаралық ҮЕҰ «Bike for Peace» мен Қазақстандық ҮЕҰ «Бүкіләлемдегі бейбітшілік» арасындағы ядролық қарусыздану және таратпау жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою маңыздылығын атап өтті.
Сол күні қазақстандық дипломат Норвегияның Стортингінің (Парламент) Сыртқы және Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Анникен Хютфельдпен кездесу өткізіп, онда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және парламентаралық дипломатия мәселелерін талқылады.
Норвегия тарапының пікірінше, Қазақстан мен Норвегия арасындағы парламентаралық ынтымақтастық одан әрі нығайып бұдан әрі даму үшін зор әлеуетке ие. А. Хютфельдтің жақын арада Қазақстанға жасаған сапарында, өзі басқаратын Комитет қазақстандық парламентшілермен байланыс орнату мүмкіндігін қарастыра бастады деп мәлімдеді.
Сапар аясында Р.Василенко Норвегияның Нобель институтының директоры, танымал ғалым және жазушы Олаф Ньолстадпен кездесті. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде жаһандық ядролық қауіпсіздікті қарастырып, екі елдің сарапшылар қауымдастығының өзара іс-қимылын кеңейтуге келісті.