ҚР сыртқы саясат ведомствосынан мәлім еткендей, құжатқа Қазақстанның Омандағы Елшісі Ержан Мұқаш пен Оман Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухамед бин Юсуф бин Қасым Аз-Зарафи қол қойды.
Үкіметаралық келісімге қол қою - екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны жүйелі кеңейтуге маңызды қадам болды.
Айта кетер жәйт, өткен жылы Оман Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан азаматтары АҚШ, Канада, Аустралия, Ұлыбритания, сондай-ақ Шенген келісімі елдерінің визалары немесе осы елдерде тұрақты тұруға рұқсаттары бар болған жағдайда, туристік визаларды веб-сайт арқылы (е-виза) жергілікті демеушісіз ала алатын 25 елдің тізіміне енгізілді. Бұл жағдай Қазақстан мен Оман арасында екіжақты туризм саласындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Өз кезегінде Оман Сұлтандығы Қазақстан визасын шақырусыз, жеңілдетілген тәртіп бойынша қысқа мерзімге ала алатын 48 мемлекеттің қатарына енеді.