«Қазақстан мен Оңтүстік Корея стратегиялық әріптестікті тереңдету кезеңінде тұр»,-деп есептейді Д.Бәкішев.
«Екі жақ та кең көлемді өзара іс-қимылды жандандыра түсуде. 2011 жылмен салыстырғанда екі ел арасындағы тауар айналым көлемі 2012 жылы 40%-ға артып, 1,257 млрд. АҚШ долларына жетті. 2013 жылдың тоғыз айында ол 1 млрд. АҚШ долларына артып, 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6%-дан астам өсімді құрады»,-деп хабарлады елші.
«Егер өзара іс-қимыл туралы айтар болсақ, Оңтүстік Корея экономикасына Қазақстанның инвестициясы 2,6 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады. Біздің елімізде Оңтүстік Корея капиталының қатысуымен 700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді»,-деді Д.Бәкішев.
«Жоғары қосымша құнды технологиялық тауарлар бірлескен өндірісі біздің оңтүстіккореялық әріптестермен тығыз өзара іс-қимылымыздың жарқын көрінісі болып табылады. Инвестициямен бірге Қазақстанға жаңа технологиялар, қазіргі заманға сай біліктілік деңгейі және өндіріске деген жаңа қарым-қатынас ере келді. Екі елде іскерлік әріптестікті одан әрі жандандыру үшін барлық мүмкіндіктер бар және бұл ұмтылысты ынталандыру қажет деп ойлаймын», - деп сөзін қорытындылады Д.Бәкішев.