АСТАНА. KAZINFORM – Бұған екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасы әсер етіп отыр. Бұл жөнінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан-Корея бірлескен комиссиясының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 11-отырысында мәлімдеді.
– Гуманитарлық байланыстарда оң динамика байқалатынына айрықша тоқталғым келеді. Мемлекеттеріміздің арасында 2024 жылдан бері тікелей әуе рейсі бар. Ол іскерлік қарым-қатынастардың және туризмнің дамуына, сондай-ақ, қос ел азаматтарының байланысының кеңеюіне ықпал етті. Бүгінде Қазақстан мен Корея арасында аптасына 20 тікелей рейс жүзеге асады. 2025 жылы Корея Республикасына Қазақстаннан 65 мың турист барса, ал Кореядан Қазақстанға 51 мың турист келген, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Министр Оңтүстік Корея компанияларын Ақтау және Құрық порттарын дамытуға шақырғанын жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.