Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасында жаңа әуе бағыттары ашылады

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады.

Көлік министрлігі баспасөз қызметі Сеулде (Корея Республикасы) Қазақстан Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен екіжақты кездесуі өткенін мәлімдеді. 

Фото: Көлік министрлігі

Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты. 

Фото: Көлік министрлігі

Сонымен қатар Талғат Ластаев T' Way төмен бюджеттік әуе компаниясының және Sirius Airlines жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.