Қазақстан мен ОПЕК+ елдері қаңтар-наурызда мұнай өндіру параметрлерін уағдаласты

Фото: freepik

АСТАНА. KAZINFORM — ОПЕК+ елдер 2 қарашада қабылданған маусымдық факторларды ескере отырып, 2026 жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында мұнай өндіруді ұлғайтуды шектеу шешімін растады. 

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың сәуірі мен қарашасында Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Куәйт, Алжир және Оман мұнай өнімін қосымша ерікті түрде қысқартатын жария етті. Содан кейін аталған елдер кеше виртуальды кездесу өткізген болатын.

Кездесу барысында мемлекеттер тәулігіне 1,65 млн баррелдік нарыққа кезең-кезеңімен толықтай немесе әлемдік нарықтағы мұнан арғы қарқынға байланысты ішінара оралу мүмкіндігін тағы да атап өткен. Сондай-ақ 2024 жылдың қаңтарынан кез келген артық өндірілген көлемді толықтай өтеуге ниетті екендіктерін растаған.

Кездесуге қатысушылар нарықтағы ахуалды бағалау үшін ай сайын отырыс өткізуге, уағдаластық пен өтем шараларын сақтауға уағдаласты. Келесі кездесу 2026 жылдың 4 қаңтарына жоспарланған.

Бұған дейін 3 қарашада ОПЕК+ елдері мұнай нарығының тұрақтылығын сақтау жөніндегі ұстанымын растаған еді.