«Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы Орта Азия елдерiнiң қазiргi дамуы жайлы бiрқатар сараптамалық баяндамалар әзiрледi. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түркiменстан және Өзбекстан бойынша жеке-жеке баяндама жасалды. Әр баяндама объективтi және нақты деректерге сүйене отырып жазылған. Себебi, баяндамаларды жасау үшiн орталық қызметкерлерi осы елдердегi мемлекеттiк орган қызметкерлерiмен, қоғам қайраткелерiмен, ғалым, сарапшылармен сұхбаттар ұйымдастырған. Яғни, бұл әдiс зерттеуге алынған елдердiң әлеуметтiк жағдайын анық байқауға мүмкiндiк бердi»,-дедi брифинг барысында ҚР Тұңғыш Президентi кiтапханасы директорының орынбасары Тимур Шәймергенов. Оның айтуынша, зерттеу авторлары бiр елдiң ғана емес, бiр аймақтың қазiргi дамуына баға беруге тырысқан. «Қазiр баяндамаларды ағылшын тiлiнде электронды нұсқада оқуға болады. Ал, алдағы уақытта Орта Азия елдерiнiң тiлдерiне аудару жоспарда бар»,-дедi ол.
14:49, 10 Қыркүйек 2015
Қазақстан мен Орта Азияның дамуы жөнiндегi CSIS баяндамасы жария болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында Орта Азия елдерiнiң дамуын бағалауға арналған бiрқатар сараптамалық баяндамалар жарық көрдi. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қыдметiнiң брифингiсiнде белгiлi болды.