«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында көптеген мәселелердің түйіні ЖОО ғылымымен байланысуы керек екендігі айтылады. Сондықтан төртінші өндірістік жаңғырудың элементтері мен барлық техникалық мүмкіндіктерін біз университеттер кешеніне орналастырып, Өзбекстанның ғылым академиясымен бірлесе отырып технопарктер мен ғылыми зерттеу орталықтарын құрғымыз келеді»,-деді ҚР Елшісі.
Дипломаттың айтуынша, алдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін алдымен жол картасын белгілеп, бірлескен зерттеу жұмыстарын нақтылап алу керек.