«Кейінгі 19 жылдағы демаркациямен байланысты процестер кезінде шекара сызығы өтетін тұстар нақтыланды. Бұл мәселеде екі тараптың да жергілікті халқының мүдделері, шекара күзетінің қолайлы болуы ескерілді. Осылайша шекара сызығы 5 шақырымға ұзарып отыр. Нақты айтсақ, тұтас шекараның ұзындығы 2356 шақырым 666 метр болды. Осылайша 5 шақырымға ұзын бола түсті», - деді Роман Василенко.
16:25, 16 Наурыз 2023
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара сызығы 5 км ұзарады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара сызығы 5 шақырымға ұзарады. Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Сенаттың жалпы отырысынан кейін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.