Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қазақстан мен Өзбекстанның әскери қызметшілері бірлесіп, «Фориш» таулы полигонында «Hanjar-2024» тактикалық арнайы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі
Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі
Өзбекстанның Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері түрлі қарудан оқ атып, халық тұратын аумақтарда ұрыс жүргізу тактикасын пысықтайды.
Сондай-ақ, аталған оқу-жаттығу аясында қатысушыларға түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, футболдан жарыс өткізу және ежелгі Самарқан қаласына экскурсия жасау жоспарланған.
Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі
Еске салсақ, таяуда Мәжіліс заңнамаға әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бағытында өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.