Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп ғарышқа спутник ұшыруды жоспарлап отыр
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды жерсеріктерді бірлесіп ұшыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарларын талқылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Фото: ӨР Цифрлық технологиялар министрлігі
Фото: ӨР Цифрлық технологиялар министрлігі
Кездесу барысында екі елдің ведомство басшылары бірлескен спутниктер тобын ғарышқа ұшыру мүмкіндігін сөз етті. Тиісінше, министрлер бұл бастама бойынша жыл соңына дейін тиісті деректерге талдау жүргізіп, нақты ұсыныс әзірлеу туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Шерзод Шерматов пен Жаслан Мәдиев цифрлық білім беруді дамыту және цифрлық трансформация бойынша өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Фото: ӨР Цифрлық технологиялар министрлігі
Қоса кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан ғарыш саласындағы серіктестікті нығайтуға ниетті екенін жазып едік.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.