Қазақстан мен Өзбекстан қуатты экономикалық кеңістік құра алады – Өзбекстан елшісі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көптеген сарапшылардың пікірінше, Өзбекстан мен Қазақстан қарым-қатынастың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Соның арқасында Орталық Азияда жаңа экономикалық кластерлер құрылып, өңірдің экономикалық қуаты артуы мүмкін. Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязқожаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың негізгі даму бағыттарын атады.

- Құрметтіелші мырза, Сіз Өзбекстан мен Қазақстан арасыендағы қарым-қатынастарды қалайсипаттар едіңіз?

- Алдымен «ҚазАқпарат» агенттігінің қалыңаудиториясына амандық тілеймін. Елдеріміздің басшылары – Қазақстанның ТұңғышПрезиденті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Өзбекстан Президенті ШавкатМиромонович Мирзиёевтің сенімді қарым-қатынасы екі мемлекет арасындағықатынастарды, стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығарды. Достық, одақтыққатынастардың жаңа беті ашылды. Екі мемлекет лидерлері екіжақты қатынастардыодан әрі тереңдетулің іргесін қалады.

Мұны ынтымақтастықтың барлық бағытынан көругеболады. Соңғы 2 жылда қарым-қатынастарымыз айтарлықтай жандана түсті. 2017 жылыӨзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға алғаш ретсапармен келді. Кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті НұрсұлтанНазарбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды. Сол кезде 2018 жылдыҚазақстандағы Өзбекстан жылы деп жариялау туралы келісімге қол жеткізілді. Ал2019 жыл Өзбекстанда Қазақстан жылы деп жарияланды.

2018 жылы өткізілген 200-ге жуық іс-шара текмәдени-гуманитарлық саланы ғана емес, ынтымақтастықтың барлық саласын қамтыды.Соның ішінде саяси, сауда-экономикалық салалар, қауіпсіздік мәселелері,мәдениет, ғылым-білім, т.б. Өз басым өңіраралық ынтымақтастықты айрықша атапкөрсеткен болар едім.

Бұдан тыс, былтыр екі ел бизнесмендерінің іскерліккеңесінің алғашқы форумы, сондай-ақ алғашқы өңіраралық форум өтті. Көптегенкәсіпкерлер арасында жалпы сомасы 2 млрд доллардан асатын келісімдер жасалды. Бұлкеремет көрсеткіш. Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты даерекше атап өтемін.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтыңалғашқы мемлекеттік сапарын Ташкентке жасағанын өзбекстандықтар жақсылықтыңбелгісі деп қабылдады. Сол оқиға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы негізін қалағансаясатты жалғастырып, әрі оған тың серпін берді.

Биыл біз үкіметаралық комиссияның 18-отырысынөткіздік. Кездесулер барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлықсалалардағы екіжақты қатынастардың нығайып келе жатқаны байқалды. Комиссияотырысының деңгейі үкіметтер басшыларына деійн көтерілді. Қазақстанда өзбекбизнесмендерінің қатысуымен инвестициялық жобаларды іске асыру туралы 7 құжатқақол қойылды.

2019 жылдың алғашқы жартысы қарқынды басталды.Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Өзбекстанға сапары кезінде ӨзбекстандаҚазақстан жылы ашылды.

- ӨзбекстандағыҚазақстан жылы туралы толығырақ айтсаңыз…

- Жалпы, Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында200-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Өзбекстандағы Қазақстан жылын атап өтужол картасында мәдени-гуманитарлық саладағы 80-ге жуық іс-шара белгіленді.

Осы жол картасын Президентіміз құрметті ШавкатМирзиёев бекітті. Біріншіден, Өзбекстанда Қазақстан ғылымы мен білімі апталығыөткізілді. Оның аясында Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының басшыларыбіздің елге барды.

Шымкент театры Өзбекстан Республикасының түрлі өңірінегастрольдік сапарларын ұйымдастырды. Үшіншіден, меніңше, ең маңызды шара«Астана Опера» театрының Өзбекстанға сапары болды. Қазақстанның министрлері,түрлі департаменттерінің басшылары және іскерлік орта өкілдері Өзбекстанғабарды. 200-ге жуық кәсіпкердің қатысуымен ірі бизнес-форум өткізілді, бірнешекелісімшарттарға қол қойылды.

Алматыда туризмге арналған халықаралық шараөткізілді. Онда Өзбекстанның туристік операторлары қазақстандық әріптестерімен80-нен астам келісім жасасты.

Біздің тарихымыз өте бай. Ортақ тарихымыз. Жастарміндетті түрде өз тарихын білуі, Өзбекстандағы, Қазақстандағы тарихи орындарғабаруы тиіс. Қазір көпшілік киелі жерлерге тәу ету үшін Ташкент, Самарқант, Бұхара,Науаи облыстарына барады. Ал Өзбекстан азаматтары Түркістан мен Арыстан бабқа,Алматы мен Нұр-Сұлтанға саяхаттайды. Былтыр Өзбекстанға 2,3 млн қазақстандық туристбарып, Өзбекстаннан Қазақстанға 2,5 миллионнан астам адам саяхаттаған.


- Сізекі елдің тарихи даму ерекшелігін, ортақ мәдениетін, тұтас тамыры мен көршіекендігін атап көрсеттіңіз. Екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды бауырластықәрі стратегиялық деп атауға бола ма?

- Олар әрі бауырластық, әрі стратегиялыққатынастар деп сеніммен айта аламын. 2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттіксапармен Өзбекстанға барды. Біздің стратегиялық, одақтастық қатынастарымыздыкеңейту туралы бірнеше қосымша келісімдерге қол қойылды.

Осыған тарихи тұрғыда баға берер болсақ, біз -бауырлас халықпыз. Біздің тарихымыз, тамырымыз бір, оған ешкім дау айтаалмайды. Бүгінде өзбекстандықтар Қазақстанның қысқа мерзім ішінде ТұңғышПрезидент – Елбасының арқасында қол жеткізген жетістіктерін мақтан етеді. Бұданбөлек, Қазақстанның саяси аренасында болған маңызды оқиға – Президент сайлауы қазақстандықтардыңсаяси тұрғыда кемелденгенін көрсетті.

Сайлауда Өзбекстаннан 50-ден астам бақылаушыболды. Олардың қатарында ТМД, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және депутаттық корпус өкілдері бар.Сондай-ақ Өзбекстан ОСК төрағасы да сайлау учаскелерін барып көрді. Ешбір жердеөрескел ереже бұзу оқиғалары байқалған жоқ. Қазақстандағы сайлау ашық,демократия және заң шеңберінде өткізілді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 мыңға жуықөзбекстандық студент білім алады. Осының өзі де біздің достық, стратегиялық әрісенімді қарым-қатынастарымызға айғақ. Елде Өзбекстан азаматтарының алаңсызтұруына, оқуына, жұмыс істеуіне, келуіне барлық жағдай жасалған. Біздің елде деұлты қазақ азаматтарымызға барша жағдай жасалған. Мектептер, тіл орталығы бар.

- Қол жеткен жетістіктерге қарамастан, экономиканың қайсалаларындағы ынтымақтастықты күшейту қажет деп санайсыз?

- Бүгінде біздің алдымызда жылдық тауар айналымын5 млрд долларға жеткізу міндеті тұр. Бұл үлкен көрсеткіш, дегенмен осы мақсатқажету үшін бүкіл мүмкіндіктер бар.

Автомобиль жасауда ерекше жоба дамытылуда. Жуырдабіз «Равон 3» және «Равон 4» автомобильдерін таныстырдық. Бұлар «Қазақстандажасалған» брендімен шығарылады. Бұл қол жеткен келісімдерге сәйкес іскеасырылған Өзбекстан-Қазақстан жобасы.

Тоқыма кешені дамытылады. Екі тарап та мақтаөсірумен қатар оны өңдеп, дайын өнім шығаратын өндіріс жасауға ниетті.Агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықтың да мүмкіндіктері зор. Біздіңөңірлердің климаттық жағдайлары қажетті ауыл шаруашылық дақылдарын өсіругемүмкіндік береді, егер бірлескен кәсіпорындар салсақ, үшінші нарыққа шыға аламыз.

Ынтымақтастықтың бағыттары аз емес. Оның арасындаазық-түлік өнімдерін өңдеу, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, құс шаруашылығыбар. Агроөнеркәсіп кешенінің 17 бағыты бойынша да бірлесе жұмыс атқаруғамүмкіндіктеріміз бар. Бұдан бөлек, ғылыми ынтымақтастықтың да болашағы бар.

Сонда да туризм мәселесіне ерекше тоқталғымкеледі. Біздің елдерге туристер ағынын еселеп арттыратын туристік кластер,туристік бағдарды құру қажет. Жібек жолын зерттеу үшін Өзбекстанға келетінадамдар Қазақстанға да ат басын бұруы тиіс деп санаймын. Сонда ғана тарихижолдың толық келбеті ашылады.

Тура сол сияқты, Қазақстанға келген туристерӨзбекстанға да барсын. Осы мақсатта шартты түрде «Алтын шаршы» деп аталатынжобаны қарастырып жатырмыз. Мәселен, Ресейде «Алтын сақина» бар ғой, біздің«Алтын шаршы» жуық арада іске асады деп үміттенеміз.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтаннан Ташкентке аптасына 6рейс ұшады. Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысының рейстері. Өзбекстаннан датура сонша рейс ұшып шығады. Бұдан бөлек, Алматы-Ташкент, Ташкент-Алматыбағытында 10-ға жуық рейс қатынайды.

Бұдан тыс, Ташкент – Алматы – Нұр-Сұлтан теміржолбағдары ашылды. Ташкенттен тура Нұр-Сұлтанға тартатын 8 автобус бағдары жүріптұр. Қайталап айтамын, Қазақстан мен Өзбекстанның экономикасы бір-бірінтолықтырып тұрады. Біз бірлесіп Орталық Азия аумағында қуатты экономикалықкеңістік құра аламыз.

- Сарапшылардыңарасында бүкіл Орталық Азияның болашағы Қазақстан мен Өзбекстанның саясаттағы,экономикадағы ынтымақтастығының сапасы мен деңгейіне байланысты деген пікір басым.Сіз осыған келісесіз бе?

- Толық келісемін, өйткенібүгінгі таңда жоғары нәтижелерге жалғыз жүріп жету мүмкін емес. Оның үстінеелдеріміз, халықтарымыз бұрыннан достықты қадірлеп келеді. Біздің тарихитамырымыз ортақ. Уақыт факторына қарасақ, 90-жылдардың басында Өзбекстанныңэкономикасы қандай болды дағы, Қазақстанның экономикасы қандай еді?

Мынаныанық айта аламын, Қазақстанның экономикалық моделі посткеңестік кеңістіктіңбәріне үлгі. Біздің Өзбекстанда көптеген салалар дамып келеді, демек біз бірлесіпқосымша жұмыс орындарын ашу, жаңа өндірістерді іске қосу, ноу-хаулардыпайдалану, технологияларды енгізу сияқты экономикалық мәселелерді шеше аламыз. Екіел арасындағы жақын, сенімге негізделген қатынастар Орталық Азия өңірінде жаңасаяси, экономикалық ландшафт құруға мүмкіндік береді.

- Сұхбатыңызғарахмет!

Автор: Арнұр Рахымбеков

Соңғы жаңалықтар