Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері шекараны демаркациялау жөніндегі құжаттардың жобасын бекітті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 21 ақпан – 4 наурыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 93-ші отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді және бекітуді жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы 14-18 наурызда Өзбекстан Республикасының аумағында жоспарланған.