«Кеше Астанада өткен бизнес форум мен Іскерлік кеңес қорытындысында жалпы сомасы 7 млрд доллардан асатын бірқатар келісімшарт мен келісімдерге қол қойылды. Жақын арада екіжақты тауар айналымын түбегейлі арттыруға бағытталғын кешенді бағдарлама қабылданатын болады», - деді Өзбекстан Президенті.
Мәртебелі мейман жаңа инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыруда үлкен маңызы бар «Орталық Азия өнеркәсіптік кооперация» халықаралық орталығы құрылысын жеделдетуге шешім қабылданғанын айтты.
«Сондай-ақ басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды қаржыландыру үшін Өзбекстан-Қазақстан қорын құру мәселесін пысықтадық. Келіссөздеріміздің маңызды, стратегиялық бағыты – көлік-логистика саласындағы байланыстарды кеңейту болды», - деді Шавкат Мирзиёев.
Айта кетейік, бүгін Өзбекстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.