Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірлеген.

Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары символикалық түймені басып, бірнеше жобаны бастап берді.

Фото: Ақорда

Атап айтқанда, Сырдария және Түркістан облыстарында «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы, Ташкентте «Tenge Bank» бас кеңсесі қызметіне кірісті. Сондай-ақ Ташкент облысында көпбейінді логистика орталығының, Жаңа Ташкентте «Астана» тұрғын үй орамының, Қашқадария облысында алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешенінің, Жаңа Ташкентте «Астана» қонақ үйінің, ал елордамызда «Ташкент» қонақ үйінің құрылысы басталды. 

Айта кетелік Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты