Қазақстан мен Өзбекстан саяси және сауда-экномикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады
18:44, 07 Наурыз 2013
ТАШКЕНТ. 7 наурыз. қазАқпарат - ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин ӨР сыртқы істер министрінің орынбасары Элдор Ариповпен кездесті, деп хабарланды қазақстандық дипелшіліктен.
Кездесуде екіжақты қарым-қатынастың жағдайы мен әрі қарай даму перспективасы талқыланып, саяси және сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды.