Қазақстан мен Өзбекстан шекара маңы аумағындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады
10:31, 19 Ақпан 2013
ТАШКЕНТ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бөрібай Жексембин ӨР сыртқы істер министрінің орынбасары Эльдор Ариповпен кездесу өткізді, деп хабарлады қазақстандық дипломатиялық өкілдіктен.
Кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту болашағы, сондай-ақ шекара маңындағы өзара әрекеттестік саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері талқыланды.