«Кездесу барысында екі ел арасындағы тауар тасымалы кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Тиісінше, тараптар жүк тасымалын арттыруға қолбайлау болып отыған мәселелерді тез арада шешумен айналысатын жедел штаб құруға уағдаласты. Оның құрамына жауапты ведомстволардың өкілдері енеді», - деп мәлім етті Өзбекстан Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, таяуда қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылмақ. 6 гектарды аумақты қамтып жатқан нысан заманауи тексеру, рәсімдеу құрылғыларымен жабдықталған.
Сонымен қатар, кеше Өзбекстан Ауғанстанның уақытша үкіметімен жүк тасымалдаушылардан алынатын төлем сомасын төмендетуді көздейтін келісім жасады.