НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Өзбекстанның жол активтеріне жауапты компаниялары өзара екіжақты меморандумға қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан астанасында өткен жиын кезінде «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ мен «В-Тес» ЖШҚ өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
«Меморандум шарты бойынша қазақстандық компания өзбекстандық әріптестеріне ақылы жол жүйесін дамыту және электрондық төлем қабылдау жүйесін енгізу барысында кеңес беретін болады. «ҚазАвтоЖол» еліміздегі электрондық төлем қабылдау жүйесін өз мамандарының күшімен жасап шығарғанын атап өту керек», - деп жазады компанияның баспасөз қызметі.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.