Қазақстан мен Пәкістан Президенттері екіжақты өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады

Фото: None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазіргі жағдай мен сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады.

Бұдан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.