Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Палестина ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастардың қарқынын және оларды одан әрі дамытуға деген өзара мүдделілікті атап өтті. Саяси, гуманитарлық және өзара қызығушылық тудыратын өзге де салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде мазмұнды пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды тиімді ілгерілетуге бағытталған тұрақты әрі сенімді диалогты жалғастыруға бейілділігін растады.
Осыған дейін Қазақстанның Кореямен медицина, AI және жоғары технологиялар бойынша ғылыми байланысты нығайтатыны туралы жаздық.