ҚР Ұлттық экномика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу қорытындысында тараптар осы бағыттағы диалогты жалғастыруға мүдделі екенін растады.
Кездесу барысында тараптар ОДМ-ға қол жеткізу мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ 2030 жылдан кейінгі кезеңге арналған халықаралық күн тәртібінің өзекті бағыттарын қарастырды.
Серік Жұманғарин Орнықты даму мақсаттары Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесінде толық қамтылғанын атап өтті. Олардың индикаторлары Ұлттық даму жоспарында, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің даму жоспарларында көрініс тапқан. Бұл жаһандық мақсаттарды елдің ұлттық басымдықтарымен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ОДМ-ны іске асыру жөніндегі диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделі екенін растады.
Айта кетейік, Қазақстан 20 жылда Ресейден 30 млрд долларға жуық инвестиция тартты.