Қазақстан мен Ресей арасындағы санитариялық келісім жобасы жарияланды

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан мен Ресей арасындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жөніндегі Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. 

Жобаны әзірлеуші – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі. Құжат ҚР «Халықаралық шарттар туралы» заңының 5 және 15-баптарын іске асыру мақсатында дайындалған.

– Келісімнің негізгі мақсаты – екі мемлекет арасында санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және халықтың денсаулығын қорғау бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту, - делінген хабарламада. 

Министрліктің мәліметінше, жоба қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдар күтілмейді. 

Қоғамдық талқылау 23 қазанға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Ресей өзара тауар айналымын арттыру мәселесіне баса назар аудармақ.