Жобаны әзірлеуші – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі. Құжат ҚР «Халықаралық шарттар туралы» заңының 5 және 15-баптарын іске асыру мақсатында дайындалған.
– Келісімнің негізгі мақсаты – екі мемлекет арасында санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және халықтың денсаулығын қорғау бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту, - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, жоба қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдар күтілмейді.
Қоғамдық талқылау 23 қазанға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Ресей өзара тауар айналымын арттыру мәселесіне баса назар аудармақ.