Қазақстан мен Ресей арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарт қабылданды - Парламент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Аталған шартқа былтырғы жылдың қарашасында Екатеринбург қаласында қол қойылған. Шарттың мақсаты Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін, саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, энергетика, транзит, экологиялық, гуманитарлық, мәдени және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

«Қазақстан Ресейді Еуразиялық кеңістіктегі маңызды саяси және экономикалық әріптес ретінде қарастырады. Ресеймен көпжақты жоспарлы қатынастарды дамыту еліміздің стратегиялық мүдделеріне сай келеді. Бұл ретте шарт Ресеймен негіз құраушы құжаттың бірі болып табылады, онда екіжақты ынтымақтастықтың базалық принциптері көрсетілген», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Оның айтуынша, құжат аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзекті халықаралық мәселелер бойынша екіжақты саяси диалогты дамытуға қызмет етіп, сауда, экономикалық қатынастардың дамуына өз ықпалын тигізеді.

Шартқа сәйкес, тараптар келісілген сыртқы саясатты жүргізеді, еуразиялық кеңістік пен бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыру ісінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.