Ресейдің «ИрАэро» әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар бағыттарды ашуды жоспарлап отыр.
«Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының аймақтарын мен Ресей Федерациясымен әуе қатынасы арқылы байланыстыру жұмысын жалғастырады. Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде «ИрАэро» келесі бағыттар бойынша тұрақты әуе тасымалын орындауды жоспарлап отыр: Жуковский - Қарағанды - Жуковский аптасына 7 рет; Жуковский - Көкшетау - Жуковский аптасына 2 рет; Жуковский - Петропавл - Жуковский аптасына 2 рет ұшырылады», - делінген комитет хабарламасында.
Рейстер RRJ (Sukhoi SuperJet-100) әуе кемелерімен ұшырылады. Комитеттің мәлімдеуінше, Қазақстанның барлық халықаралық рейстерінің 1/3 бөлігі Ресеймен байланысады.
Айта кетейік, «ИрАэро» авиакомпаниясы 1999 жылы құрылған. Негізгі қызмет түрі - Қиыр Шығыстың және Ресейдің солтүстік-шығыс облыстарының әуе тасымалын қамтамасыз ету болды. 2006 жылдан бастап «ИрАэро» жолаушылар тасымалымен айналысады және қазіргі уақытта аймақтағы ең ірі тасымалдаушы болып саналады.
11:34, 09 Сәуір 2019
Қазақстан мен Ресей арасында жаңа әуе рейстері ашылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «ИрАэро» әуе компаниясына Қазақстан Республикасында аккредиттеу туралы куәлігін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитетке сілтеме жасап.