Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараларды демаркациялауды бастау мерзімдері келісілді

АСТАНА. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат - Наурыздың 16-20-сы күндері аралығында Мәскеу қаласында мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі Бірлескен қазақстан-ресей демаркациялық комиссиясының он бірінші отырысы болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар шекара белгілерін орнату орындарын анықтау жөніндегі жұмыстарын жалғастырды және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараларды демаркациялауды бастау мерзімдерін келісті.Бірлескен қазақстан-ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы 2009 жылғы сәуір айында біздің елімізде өтеді.